Байқаудың мақсаты:
- - әлеуметтік және қоғамдық маңызды проблемаларды шешуде азаматтық бастамаларды қолдау;
- - әлеуметтік қызметтер көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың позитивті имиджін қалыптастыру, облыстың белсенді үкіметтік емес ұйымдарын үздік жобалары үшін марапаттау арқылы әлеуетін арттыру.
Байқау ұйымдастырушысы: «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ тапсырысына сәйкес «Алматы облысының Азаматтық Альянсы» ЗТБ бірлесе Алматы облысының ҮЕҰ Консалтинг орталығы.
- Жалпы ережелер
Байқауға әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған кез-келген идеялар мен жобаларды қарастыруды көздейді.
Байқауға қатысуға саяси партияларды, кәсіптік одақтарды, діни бірлестіктерді есепке алмағанда, коммерциялық емес ұйымдарға жол беріледі.
Байқау үш кезеңде өткізіледі:
1) Бірінші кезең – байқау комиссиясы мүшелерінің өтінімдер мен презентацияларды қабылдауы және ұсынылған өтінімдерді бағалауы. Байқау өтінімдері мен қатысушылар санына шектеу қойылмайды;
2) Екінші кезең – үздік 5 жобаны іріктеу мақсатында байқау комиссиясының өтінімдерді қарастыруы;
3) Үшінші кезең – үздік жоба авторларын салтанатты түрде марпаттау. .
- Байқау өтінімдерін ұсыну тәртібі
Байқауға қатысу үшін белгіленген формаға сәйкес толтырылған (Қосымша 1) өтінімді және Power Point форматындағы жоба презентациясын (слайд) (Қосымша 2-ге сәйкес) ұсыну қажет. Өтінім электронды түрде Алматы облысының ҮЕҰ Консалтинг орталығының электронды мекен-жайына жіберілуі қажет: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. . Байқау талаптарына сәйкес емес өтінімдер байқауға қатысуға жіберілмейді.
Өтінімдер қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
3.Байқау комиссиясының қызметінің реті:
Байқау комиссиясы мемлекеттік қызметкерлерден, ҮЕҰ өкілдерінен, маслихат депутаттарынан және т.б. құралатын болады.
Байқау комиссиясының мүшесі өз қызметін ерікті және қайтарымсыз түрде жүзеге асырады. Байқау комиссиясының төрағасы комиссия мүшелерімен сайланады. Шешім ашық дауыс беру арқылы, 2/3 аз болмайтын кворум жиналған кезде жалпы көпшілік дауыспен шешіледі.
Байқау комиссиясының шешімі нақты болады және қайта қарауға жатпайды. Қажет болған жағдайда, байқау комиссиясы жобаның нәтижелерін тексеру және растау үшін қосымша ақпарат сұрай алады.
Байқау комиссиясының шешімі хаттамамен бекітіліп, барлық комиссия мүшелерінің қолы қойылады.
4.Жеңімпаздарды іріктеу нысандары :
Байқауға қатысуға жіберілген жобалар келесі нысандар бойынша бағаланады:
1)жобаның байқау шарттарына сәйкестігі;
2)жобаның әлеуметтік маңыздылығы;
3)әлеуметтік проблемаларды шешудегі өзектілік, жаңа тәсілдер;
4)жобаның жүйелілігі, адрестілігі;
5)әлеуметтік проблемаларды шешуде заманауи инновациялық технологияларды, нысандар мен әдістерді пайдалану;
6)жоба іс-шараларының қойылған міндеттеріне сай болуы;
7)болжамдық нәтижелердің реалистік болуы, жобаның орнықтылығы және сәттілігі, жобаның даму перспективаларының болуы.
Байқауға қатысуға келесі жобалар жіберіледі:
2017 жылы Алматы облысы аумағында жүзеге асырылған әлеуметтік жобалар қабылданады. Егер жоба ұзақ мерзімді болса, онда ағымдағы жылдағы нәтижелері есепке алынады.
5.Марапаттау рәсімі
Марапаттау рәсімінің уақыты мен орны туралы ақпарат қосымша хабарланады. Байқаудың жүлделік қорының жалпы көлемі 500 000 теңгені құрайды. Үздік деп танылған жоба авторлары 5 номинация бойынша 100 000 теңгеден марапатталады:
- Азаматтық қоғамды дамыту;
- Мүмкіншілігі шектеулі азаматтармен жұмыс;
- Жастар саясаты мәселелері;
- Ардагерлер және қарттармен жұмыс;
- Гендерлік саясат.
6.Байқауға өтінімдерді ұсыну тәртібі
Өтінімдер 2017 жылдың 5-қыркүйегіне дейін қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін: 87017582919, 8(7282)402141